"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы халықаралық стипендия иегерлерінің тізімін жариялады

Республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясына ие болды. Олардың ішінде 167 адам – магистратурада, 13 адам – докторантурада оқиды, ал 37 қазақстандық әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді, - деп хабарлады tengrinews.kz.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, 68 қазақстандық шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды.

2024 жылы "Болашақ" стипендиясының иегері атанғандар саны 150 адам болған еді.

Еске салайық, "Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау 2025 жылдың наурызында басталған. Шетелде кадр даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі.

2025 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша 645 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратураға – 411, докторантура/резидентураға – 41, тағылымдамаға – 193 грант қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды