«Болашақ» бағдарламасымен Орталық және Шығыс Еуропада оқып жатқан студенттерге ескерту жасалды

Орталық және Шығыс Еуропада «Борис» дауылының салдарынан туындаған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы аталған аймақта білім алып жатқан стипендиаттармен тығыз байланыста болып, жағдайды мұқият қадағалауда, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

kaznu.kz

Алматы, NEGE. Дауыл Польша, Чехия, Австрия, Словакия және Венгрия елдерін қамтыды — бұл елдерде «Болашақ» бағдарламасы және ғылыми тағылымдамалармен Қазақстанның 15 азаматы оқып жүр.

Барлық стипендиаттарға қауіпсіздік шаралары туралы ескертілді және олар жергілікті биліктің ұсыныстарына сәйкес әрекет етуде.

Қазіргі уақытта стипендиаттарымыз арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек