Бокстан жаппай жаттығу: Мексика халқы Гиннес рекордын жаңартты

Мексикада бір уақытта мыңдаған адам бокстан жаппай жаттығу өткізіп, Гиннес рекордын жаңартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Шараға 14 мыңнан аса адам қатысты. Алғашында қызықты бастамаға қатысушылар қарасы үш ес көп болған. Бірақ алаң шағын болғандықтан, олардың санын азайтуға тура келген. Ал бағы жанғандар жергілікті танымал боксшылардың жетекшілігімен бір сағат бойы түрлі қимылдар мен соққылар жасап жаттықты. Ұйымдастырушылар бокс Мексика мәдениетінің бір бөлігі екенін көрсеткісі келгенін айтады. Бұған дейін мұндай рекорд Ресейде орнаған. Ол кезде бір уақытта 3 мыңдай адам жатыққан.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі