Бокстан Странджа кубогы: Валентина Хальзова чемпион болды

Болгария астанасы Софияда бокстан Странджа кубогының соңғы жарыс күнінде ел қоржынына тағы бір алтын түсті.

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова 70 келі салмақта финалда ресейлік Галина Головченкомен қолғап түйістірді. Шаршы алаңда ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер шешімімен қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді. Айта кетсек, Валентина Хальзова ел құрамасы қоржынына үшінші алтын салды. Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Назым Қызайбай (50 келі) мен Махмуд Сабырхан (54 келі) чемпион атанды. Енді бүгін кешкі сессияда енді Сағындық Тоғамбай (86 келі) украиндық Сергей Горсковпен бәсекеге түседі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды