Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екінші орын иеленді

Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

Алматы, NEGE. Байрақты бәсеке 18-26 қаңтар аралығында өтті.

Тайланд төрінде шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шеберлеріміздің 5-еуі (үшеуі ерлер және екеуі әйел) алтыннан алқа тақты. 

Сондай-ақ 3 күміс (ерлер) және 12 қола (бес ер және жеті әйел) жеңіп алды. Осылайша, 25 боксшының 20-сы медальге қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды