Бокстан Қазақстан командасы Олимпиадаға аттанады

Бокстан Қазақстан командасы Жапония астанасы Токио қаласын бетке алады.

Алматы, NEGE. Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев былғары қолғап шеберлерінің Олимпиада қарсаңындағы жаттығу жиыны қалай өткенін тоқталды. «Боксшылар Олимпиада қарсаңында жаттығу жиынының екі кезеңін өткізді. Алдыңғы жиында жалпы дене жаттығуына көңіл бөлсек, соңғы кезеңде техниканы жетілдіруге күш салдық. Еліміздегі үздік боксшылармен спаррингтік кездесулер ұйымдастырдық. Мұның барлығы Олимпиададағы жекпе-жектер кезінде спортшыларымызға көмек болары анық. Арнайы физикалық жұмыстар өткізгенімізді де айта кету керек.

Былғары қолғап шеберлері үшін Олимпиада ең ұзақ дода болмақ. Өйткені, бокс бәсекесі 24 шілдеде басталып, 8 тамызға дейін жалғасады. Аса ауыр салмақтағы боксшылар Токио турнирінің шымылдығын жабады. Біз бір апта бұрын ұшып барамыз. Жеті күн бойы өзге елдің табиғат жағдайына бейімделіп, карантин талаптарын сақтаймыз. Ұлттық құраманың екінші және үшінші нөмірлі боксшылары спаррингтік кездесуге келіп, бас команда жігіттерін шығарып салды. Баршаңызға көп рахмет! Жігіттердің спорттық бабы жоғары. Енді мінез көрсетіп, моральдық тұрғыдан мықты болу керек», – дейді бас бапкер.   

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес