Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркістанда дайындалып жатыр
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына Түркістан облысында дайындалып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Түркістан, NEGE. Былғары қолғап шеберлері Түркістан облысында орналасқан "Алма тау" спорт базасында дайындықтарын шыңдауда.
Аталған оқу-жаттығу жиынына барлығы 60 спортшы қатысуда.
Айта кетерлігі, биыл бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Белградта өтеді.
Жоспар бойынша оқу-жаттығу жиыны 21 қазанға дейін жалғасады.