Бокстан Қазақстан Чемпионаттарының қайда өтетіні белгілі болды

Бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаттары өткізілетін уақыттары белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Басты мақсат – еліміздің барлық өңірінен келген мықты спортшыларды анықтау және ұлттық құраманы жасақтау, бапкерлер мен төрешілер жұмысын бағалау сонымен қатар алдағы жарыстарға дайындық.

Әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты тұңғыш рет 12 салмақ дәрежесінде, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Шучинск қаласында «Жақсы» спорттық базасында 7-12 желтоқсан аралығында өтеді.

Еліміздің батыс өңірінде өтетін, ерлер арасындағы ел біріншілігі 13 салмақ дәрежесінде, Орал қаласы, Астана шағын ауданы 17, «Теннис орталығында» 14-24 желтоқсан аралығына жоспарланған.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр