Бокстан бас бапкер Мырзағали Айтжанов Президентке бокс қолғабын сыйлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауовты, сондай-ақ бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен бапкерлерін қабылдады.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Президентке бокс қолғабын сыйлады. 

Аталмыш сәттің видеосын Ақорда жариялады.