Бокстан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева қола медаль алды

Жартылай финалда 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жазира Орақбаева жапондық Ринка Киноситамен кездесіп, ұтылып қалды. Осылайша, Орақбаева құрлық біріншілігінің финалына шыға алмай, турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Назым Қызайбай (50 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келі) де қола жүлдеге қол жеткізген болатын. 

Финалистер туралы айтатын болсақ, кем дегенде екі спортшы "алтын" үшін таласатыны сөзсіз - Алуа Балқыбекова (48 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі).

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды