Бокстан Әлем Чемпионатында төрт боксшы қоржынға қола салды

Бокстан Әлем Чемпионатында қоржынға қола салған төрт боксшы - Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай, деп хабарлады QAZSPORT.

Алматы, NEGE.  Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында 48 келіде өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова шаршы алаң иесі Ниту Нитудан жеңілсе, 75 келіде Валентина Хальзова австралиялық Кейтлин Анна Паркерден жеңілді.

Ал 66 келіде бақ сынаған тағы бір қазақстандық Надежда Рябец жартылай финалда қытайлық Янг Людаға есе жіберді. Сондай-ақ 81 келіде өнер көрсеткен Фариза Шолтай қытайлық Ли Вангқа жол берді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды