Бокс: Үш боксшы сынға түседі

Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында үш боксшы бақ сынайды.

Алматы, NEGE. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 8 мамырда ел құрамасынан үш боксшы рингке шығады.

Елорда уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда А рингінде Махмуд Сабырхан (54 келі) алғашқы болып венгриялық Иштван Сакоймен кездеседі.

Ал, 19:00-ге белгіленген кешкі сессияда Б рингінде екінші жекпе-жекте Санжар Ташкенбай (48 келі) өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен кездессе, А рингінде оныншы жұпта Сағындык Тоғамбай (86 келі) тағы бір өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен шаршы алаңға шығады.

Қазірге дейін ел құрамасынан төрт боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр