Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетті

Сербия астанасы Белград қаласындағы бокстан әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандық Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Алматы, NEGE.  Абылайхан 67 келі салмақта 1/32 финалда Тайбэйден келген Ю Линьмен шеберлік байқасты. Алаң жиегіндегі бес төреші де бірауыздан алғашқы екі раундта Абылайханның басымдығын мойындады. Үшінші раундта да дәл осындай жекпе-жек жалғасты. Нәтижесінде қарсыласын қапы қалдырып, 1/16 финалға жолдама алды. А.Жүсіпов 1997 жылы дүниеге келген. 2017, 2019 жылдарда әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2017 жылы Азия чемпионатында күміс алды. Ол биылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманың капитаны міндетін атқарады.

Айта кетсек, бүгін бұдан бұрын қазақстандық Серік Теміржанов (57 келі) моңғолиялық Энх-Амар Хархуумды жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Еске салсақ, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов дүбірлі додада олардан басқа Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр