Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Түркияда өтеді

Алматы, NEGE.

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Түркияның Стамбул қаласында өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл туралы АІВА мен Түркия бокс федерациясы арасындағы келісім кезінде белгілі болды. Әлемдік дода желтоқсан айының басына жоспарланып отыр. 

Турнир тарихында алғаш рет жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ірі көлемде сыйақы берілмек. 

Атап айтар болсақ, әлем чемпионатының жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрап отыр. 

Еске сала кетейік, ерлер арасындағы әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Сербияда өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады