Бокстан ӘЧ: Жартылай финал бүгін өтеді

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалда бес қазақстандық шаршы алаңға шығады.

Алматы, NEGE. Күндізгі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келі) беларус Евгений Кармильчикпен кездессе, Махмуд Сабырхан (54 келі) үндістандық Акашем Кумармен шеберлік байқасады.

Ал Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзавамен қолғап түйістіреді. Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) таиландтық Танарат Саенгфетпен кездессе, Серік Теміржанов кубалық Освель Кабальеро Гарсиямен жекпе-жекке шығады.

Күндізгі сессия елорда уақытымен 18.00-де басталса, кешкісі 23.00-де болады. Жекпе-жектер «Qazsport»телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр