Бокстан ӘЧ: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты
Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы, NEGE. 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Абылайхан Жүсіпов моңғолиялық Чинзоринг Баттарсухийн айқын басымдықпен, 5:0 есебімен ұтты.
Әлем біріншілігінде жартылай финалға шыққан қазақстандық боксшылар саны үшке жетті. Бүгін шаршы алаңға шыққан спортшылар арасынан Саматәлі Төлтаев қана жеңіліс тапты.