Бокстан ӘЧ-2023 Дулат Бекбауов күміс медальға ие болды

13 маусымда 67 келі салмақта Дулат Бекбауов өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджиевпен екінші болып рингке шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Бірінші раундта басымдық Өзбекстан боксшысына берілді.

Екінші раундта Дулат Бекбауов басымдыққа ие болды.

Үшінші раундта жерлесіміз өзбек боксшысын рингте қудалап жүріп соққы жасауға тырысты. Ал оның қарсыласы, көбіне уақыт өткізумен болды. Ақырында, төрешілер шешімімен Өзбекстан боксшысы жеңіске жетті.

Айта кетсек, алдында 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Ташкенбай бокстан Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатында алтын медаль иеленгенін хабарлаған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр