Боксшы Жасмин Қизатова Азия чемпионатында қоржынға алтын медаль салды
Бүгін, 25 қаңтарда Азия чемпионатының бұрымдылар арасында финалдық айқастары өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматы, NEGE. Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы турнирдің шешуші айқасында 70 келіде Жасмин Қизатова өзбекстандық Азиза Зокировамен шықты. Үш раунд қорытындысы бойынша Жасмин жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасы қоржынына бірінші алтынды салды.