Боксшы Нұрбек Оралбай Thailand Open турнирінің финалына шықты

Пхукетте бокстан ерлер арасындағы халықаралық Thailand Open жарысының финалдық бәсекелері басталды.

Алматы, NEGE. Olympic.kz мәліметінше, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай жартылай финалда жергілікті спортшымен кездесті. Отандасымыз Таиланд спортшысы Анавата Тонгкатокты екінші раундта жарыс жолынан ығыстырды. Айта кетерлігі, аталған халықаралық бәсекенің жартылай финалында Қазақстан құрамасынан тағы алты спортшы жұдырықтасады. Бұған дейін Серік Теміржановтың жартылай финалға шыққанн болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды