Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Алматыда Джонни Мюллермен жұдырықтасады

2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері боксшы Қамшыбек Қоңқабаев келесі қарсыласының күні мен есімін анықтады.

Алматы, NEGE. Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы 25 наурызда Алматыда шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы оңтүстік африкалық боксшы Джонни Мюллер болмақ. Бұл жолы Қоңқабаевқа тиесілі WBA Gold титулына таласады.

Айта кетейік, Қамшыбек про-рингте төрт жеңіске жетіп, оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Джонни Мюллер 23 кездесуде жеңіске жетіп, 9 рет жеңіліп, 2 кездесуде тең түскен.

Сондай-ақ 25 наурызда Алматыда қазақ боксшылары Сұлтан Зәуірбек, Рай Сейітжанов, Талғат Шәйкен және тағы басқа спортшылар жекпе-жекке шығады.    

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды