Боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды
Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады.
Алматы, NEGE. "Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Отандасымыз әлі де болса дәрігерлердің бақылауында болмақ. Батырымызға қолдау білдірейік", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 6 қараша күні АҚШ-тың Миннесота қаласында өткен бокс кешінде екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы кубалық Давид Моррел (8-0, 7 КО) қолғап түфістіріп, 12 раундта нокаутқа түскен еді.