Боксшы Жұмағали Нұрмахан жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль иеленді

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жұмағали Нұрмахан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаз атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Жұмағали финалда үндістандық Сингх Мойбунгхонгбамды айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша ол ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін