Боксшы Махмұд Сабырхан отау құрды

Қазақстандық боксшы, әуесқой бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан қолына құсын қондырды.

әлеуметтік желіден

  Алматы, NEGE. Отандық былғары қолғап шебері Назым есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерді.  7 қыркүйекте, Махмұт жарын ұзатып алып кетті. Ұзату тойы Шымкент қаласында өткен.

Әлеуметтік желіде екі жасты құттықтап жатқан достары тойдан фото-видео жүктеп, бақыт тілеп жатыр.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Париж олимпиадасында 57 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түсіп, алғашқы айналымда испаниялық Хосе Кильеске есе жіберген болатын.

Ал 2023 жылы ол әлем чемпионы атанды. 9 қыркүйекте Махмұд Сабырхан 23 жасқа толады.

Қазір оқып жатыр

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді