Бокс: Жастар арасындағы ӘЧ аяқталды

Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар екі алтын, екі күміс алды.

Алматы, NEGE. Әлем чемпионатында еліміздің қоржынына тағы бір «алтын» мен бір «күміс» түсті.

Чемпион атағына 64 келіде сынға түскен Сабыржан Аққалықов ие болды. Ол финалда Бозорбоя Матякубовты тізе бүктірді.

Ал Елнұр Сүйінбай (60 келі) ақтық сында жапониялық Реито Цуцумиге есе жіберді.

Бұдан бұрын Санжар Ташкенбай (49 келі) «алтын», Ерболат Сабыр (56 келі) финалда «күміс» жүлдегер атанған болатын.

Тағы бір боксшымыз Диас Молжігітов (75 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?