«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Ол резерватта еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ