17 декабря 2019 г. 19:10

Boeing ұшағын құрастыру уақытша тоқтатылды

Фото:

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Boeing компаниясы өз жұмысын уақытша тоқтатуға шешім қабылдады.
Компания жыл басынан бастап ұшақ құрастыру жұмыстарын тоқтатқанымен, тапсырыс бойынша осы кезге дейін құрастырылған 400 Boeing 737 MAX ұшағын өз клиенттеріне жеткізіп беру ісімен шұғылданатын болады. Әзірге Boeing компаниясында жұмысшыларды қысқарту мәселесі қарастырылмаған.

Алматы, NEGE. Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың 10 наурызында Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 737 MAX 8 ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам көз жұмған. Оның алдында 2018 жылдың 29 қазанында Lion Air әуе компаниясының дәл осы модельдегі ұшағы Индонезияда апатқа ұшырап 189 адам опат болған еді.

Осы жылдың 17 маусымында Boeing компаниясының атқарушы директоры Деннис Меленберг 737 МАХ маркалы ұшақтардың электроникалық конструкциясында кейбір қателіктердің кеткенін мойындап, аталған кемшілікті жоятынын, барлық жауапкершілікті мойнына алатындықтарын жеткізген.

АҚШ, Ресей және Еуроодақ елдері өз азаматтарының қауіпсіздік шарасы ретінде аталмыш модельдегі ұшақтарды пайдалануға және өз айлақтарына қонуға тыйым салды. Қазіргі таңда барлық Boeing 737 МАХ маркалы ұшақтар әуе қатынасынан алынып тасталды.

Тегтер: