Боди-массаж жасатам деп...

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі карантин кезінде «бел жазып» қайтпақ болған екі азаматтың бес тәулікке қамалғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Полицейлер төтенше жағдай кезінде ереже бұзатындарды анықтау үшін рейд жүргізген. Елордадағы ықшамаудандырдың біріндегі «спа-салонға» боди-массаж жасатып, «бел жазып» қайтпақ болған екі азамат ұсталды. Сот шешімімен олар бес тәулікке қамалса, «спа-салонның» әкімшісі жеті тәулікке қамалды. Ал қызмет көрсететін сегіз қызға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Полицейлердің айтуынша, «спа-салон» әлеуметтік желі арқылы жарнамасын үздіксіз жасаған. Соған еліткен екі жігіт полицияның құрығына түскен.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ