Интернет алаяқтығы өршіп тұр

2020 жылы Өскемен қаласында 209 интернет арқылы жасалған алаяқтық тіркелді, деп хабарлайды қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.  Басқарма мәліметіне сүйенсек, OLX сайтында – 38, Kolesа сайтында – 82, онлайн кредит бойынша – 63, Instagram әлеуметтік желісі арқылы – 26 тұрғын алданып қалған. Осыған байланысты жедел-тергеу штабы құрылып алаяқтар анықталуда. Бүгінде тәртіп сақшылары 41 қылмысты ашқан. «Банк қызметкерлері де полицейлер де еш уақытта сізге телефон арқылы хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, кілтсөз секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Ал қажет болған жағдайда банктегілер «біздің кез келген бөлімшемізге келіп кетіңіз» деп өтінуі мүмкін.

Себебі телефон арқылы ондай мәселелер шешілмейді. Интернеттегі алаяқтық бойынша жауапқа тартылған азаматтар 4000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл төлейді. Не болмаса 4 жылға бас бостандығынан айырылады», - дейді басқарма бастығының орынбасары Ғалымбек Тұрысбеко

Қазір оқып жатыр

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды