Блокпостар қайта қойылып жатыр

Ақмола облысының аумағында блокпостар тәулік бойы қайтадан жұмыс істей бастайды. Бұл жайында облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Алматы, NEGE. Аймақта коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізілді, ол локдаун аяқталғанға дейін әрекет етеді.

Бурабай ауданы ерекше бақылауда болады, мұнда 6 пост бар, 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады.

Зеренді және Ерейментау аудандары да кіретін жол жабылады. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақ аумағында 11 блокпост пен 10 мобильді топ жұмыс істей бастайды. Мұнда 100-ге жуық полиция қызметкері қызмет етеді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді