Блокбекеттер қайтадан қойылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақта шектеу шараларын 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 ақпанына дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды.

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, облыста санитарлық блокбекет қайта орнатылды. Екі блокпост Павлодар облысы тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларында орнатылды. ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін 4 санитарлық бекет - "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттеріне (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары - 1 бекеттен) қойылды.

Жұқпалы ауруы бар немесе ауыруы мүмкін адамдар, оның ішінде COVID-19 (тыныс алуда қиындық (жөтел, дене қызуы, ентігу) анықталған кезде 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру қажет делінген қаулыда.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады