Блок-бекетте жүргізушіден ақша сұраған полицей жауапқа тартылды

Блок-бекетте жүк көлігінің жүргізушісінен ақша сұраған полиция қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады. Жүк көлігі Германиядан Семейге жол тартып, Екібастұз өңіріндегі Шідерті блок-бекетінен өтпекші болған. Қазір оның әрекетіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 449-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бүгінде өңірде төтенше жағдай режимін бұзудың 178 дерегі тіркелген. 40-қа жуық азамат 15 тәулікке дейін қамауға алынып, 100-ден астам азаматқа айыппұл салынған. Сонымен қатар, блок-бекет арқылы заңсыз өту бойынша екі заңбұзушылық анықталған. Облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров:  "Бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Енді тәртіптік комиссияның отырысы өтеді. Қызметкердің жұмыстан шығару мәселесі көтеріледі. Сонымен қатар, полицейдің бұл әрекетіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылады. Бұл – төтенше жағдай жарияланғалы бері полиция қызметкеріне қатысты тіркелген алғашқы заңбұзушылық" деді.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты