Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің мәліметінше, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы, 1-бөлігі — «Заңсыз кәсіпкерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Аталған бапқа сәйкес, айыппұл салу (2000 АЕК-ке дейін немесе шамамен 7,8 млн теңге), қоғамдық не түзеу жұмыстары, сондай-ақ екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, мүлікті тәркілеу де мүмкін.

Қылмыстық іс блогерлердің автокөлік ұтысын ұйымдастыру ісімен байланысты.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейсті жыл соңына дейін ашуды тапсырды

Көлік министрлігі ішкі әуе рейстерін қосылған құн салығынан босатуды ұсынды

СҚО-да ауыл әкімі көз жұмды: полиция суицид дерегін растады

LRT вагондарын бүлдіргендер 13 млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін