Блогер тікелей эфир кезінде сот ғимаратының алдында өзін өртеп жібермек болды

Шығыс Қазақстан облысындағы блогер әрі қоғам белсендісі Антон Князев тікелей эфир кезінде Алтай өңірі сотының ауласына кіріп, қолына оттық ұстаған күйі өзінің үстіне бензин шашқан.

Алматы, NEGE. Егер оның ісін басқаратын судья алдына шықпаса, өзін өртеп жіберетінін айтқан. 

Бұған жергілікті жолдардың жағдайы себеп болған, соның салдарынан оның көлігі зақымданған.Талапкер сотқа қала әкімін тартуды талап еткен. 

Алғашында белсендіні жолдан өтіп бара жатқан адамдар, кейін шенеуніктер, полицейлер мен төтенше жағдайлар департаменті тоқтатуға тырысқан. Соңында қала әкімі – Нұрлан Махамбетовтің өзі келген. 

Әкім оны өзін-өзі өртемеуге көндіріп, кеңседе сөйлесуге шақырған. Ал судья сол күйі шықпаған.