Шымкентте блогер 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды

Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті хабарлады.

видеодан скрин

Астана, NEGE. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалады деген күдікпен блогер-журналисті ұстады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген.

«Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрондық құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді», – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған