24 августа 2024 г. 9:45

Блогер Мұрат Әбділдә мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Фото: aikyn.kz

 Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын шығады. Бұл туралы заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE. Ол әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырғаны үшін сотталған еді. 
Заңгердің айтуынша, соттың қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енеді.

"Достар, сүйінші! Мұрат Әбділда түрмеден шықты. Сот әділ шешім шығарды. Енді соттың үкімі 15 күнде күшіне енеді. Бұл – біздің жұмысымыздың нәтижесі", – деді құқық қорғаушы Молдахан Әділетхан.

Айта кетейік, блогер Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы даулы жазбалары мен әнінің салдарынан "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін" 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.