БҚО-да соңғы тіркелген екі науқас та Ресейден келген
Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі науқас та Ресейден келген болып шықты.
Алматы, NEGE. БҚО-ның шұғыл штабы мәлім еткеніндей, бұлардың екеуі де – облыс тұрғындары. Олар бұдан бұрын коронавирус анықталған науқаспен бірге Ресейден келген. Зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы расталғаннан кейін екеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Осылайша БҚО-да сырқаттанғандар саны 20-ға жетті, олардың біреуі жазылып шықты. Еске сала кетейік, БҚО-да коронавирус Ресейде жұмыс істеп келгендерден анықталғанын, Орал қаласында автобустар қатынасы тоқтатылатынын жазған болатынбыз.