БҚО-да «Самара – Шымкент» тас жолы жабылды
Жол бүгін жабылған.
Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Самара – Шымкент» тас жолы жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«ҚазАвтоЖол» АҚ дерегінше, тас жолда қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болған.
«Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» тас жолында (266-394 шақырым, Теректі ауданы Подстепное кентінен Сырым ауданы Жымпиты кентіне дейін) көліктің барлық түрі үшін жол жабылды», - деп жазылған хабарламада.