БҚО-да қатты жел көп қабатты екі үйді жарықсыз қалдырды

БҚО Тасқала ауданының орталығы Тасқала ауылында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қатты соққан жел 24 ақпан күні екі көпқабатты үйдің электр желісін үзіп тастап, соның салдарынан 41 пәтер бірнеше күн бойына жарықсыз қалған, - деп жазды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, 41 пәтерде барлығы 123 адам тұрады. Олар жылу болмаса да үйлерінен кетпеген, тұрғындарға тоңбауы үшін жылытқыш құралдар жеткізіліп берілген. «Қазіргі кезде пластикалық тұрбаларды ауыстыру және жылыту жүйесін қыздыру жұмыстары жүргізілуде» деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінен. Бұдан бөлек, қолайсыз ауа айы кезінде өңірде14 елді мекен де электр жарығынсыз қалып, «БҚО электр желілерін тарату компаниясы» АҚ ақауды қалпына келтірген.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті