БҚО-да есірткі сатқандар қолға түсті

Батыс Қазақстан облысында 120 мың доза синтетикалық есірткі дайындаған күдіктілер ұсталды.

Алматы, NEGE. Жасырын зертхана Теректі ауданындағы үйлердің бірінің гаражынан анықталған. Онда желдеткіш орнатылып, тоңазытқыш камера қойылған. Қысқасы құдды бір өндіріс орны секілді жасақталған. Тінту кезінде ол жерден түрлі қоспалар мен химиялық заттар және қорғаныш костюмдері, сосын 11 келіден астам синтетикалық есірткі мен 8 келі пировалерон тәркіленді. Мамыр айында дәл осындай зертхана Алматы облысының Талғар қаласында анықталған еді. Ол кезде құны 413 млн теңге болатын есірткі тәркіленген.

Қазір оқып жатыр

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады