БҚО-да ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жібермек болды

Батыс Қазақстан облысында ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жібермек болған, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Оқиға Ақсай қаласында Теміржол көшесінде болды. Букмекерлік кеңсеге келген ер адам қызметкерден ақша талап еткен.

Ойлағаны орындалмағаннан кейін кеңседен шығып, тез жанатын сұйықтықпен ғимаратты өртемек болған.

Сол маңда жүрген полиция қызметкерлерінің қырағылығы арқасында қайғылы оқиғаға жол берілген жоқ. Қаскүнем ұсталды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады