БҚО-да эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады

Егер алдағы 3-4 күнде жағдай оңалмаса карантиндік шаралар күшейтіледі.

Алматы, NEGE. Айта кету керек, өңір бүгін қызыл аймаққа енді. Мұнда соңғы тәулікте 51 адамнан вирус анықталған. Олардың көбі – облыс орталығының тұрғындары. Қала билігінің мәлімдеуінше, алдағы Наурыз мерекесіне байланысты іс-шаралардың 80 проценті онлайн форматта өтеді. Жедел штабтың отырысында өңір басшысы мектептерде, қоғамдық көліктер мен тамақтану орындарында санитарлық нормалардың қатаң сақталуы қажет екенін айтты. Ал дәрігерлер облыс тұрғындарына көпшілік қатысатын іс-шараларға бармауды ұсынып отыр.  

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті