БҚО-да бұрынғы әйелін пышақтап кеткен еркек іздестіріліп жатыр

33 жастағы ер адам дәмхана маңында 28 жастағы бұрынғы әйеліне бірнеше рет пышақ салды. Одан кейін ол қылмыс орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қанды оқиға 8 сәуірде сағат 01:40-та Бәйтерек ауданының Переметный ауылында болған.

Зардап шеккен адам - тірі. Ол Бәйтерек ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Күдікті іздестіріліп жатыр.

"Күдіктінің орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктіні іздеуге және анықтауға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды. Аталған фактіге сәйкес, "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді БҚО ПД баспасөз қызметі.