БҚО-да ауа райына байланысты екі республикалық жол жабылды

Елімізде ауа райы құбылып жатыр.

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты екі республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 16 желтоқсан күні сағат 14.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында (266-480 км, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Қаратөбенің Қоскөліне дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Сондай-ақ республикалық маңызы бар Орал-Атырау жолы да (492-227 км, Оралдан Тайпақ ауылына дейін) жабық. Жабылу себебі - жаңбыр, көктайғақ.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізіп, қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау керектігін еске салады.