БҚО-да 6 бала коронавирус жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында қаңтар айының алғашқы күндері 6 бала коронавирус жұқтырды.

Алматы, NEGE. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде қыркүйек айынан бері індет жұқтырған 211 бала тіркелді. Соның ішінде қыркүйекте – 4, қазанда – 5, қарашада – 102, желтоқсанда – 78, қаңтарда 6 бала ауырды. Оған қоса 16 балабақша тәрбиеленушісінен (12-сі – қарашада, төртеуі – желтоқсанда) коронавирус табылды. Індет көзі – отбасы мүшелері. Күні бүгінге дейін облыста 9 367 адам сырқаттанса, соның 8 096-сы жазылып шықты.

169 адам өмірден өтті. Пневмонияға шалдыққан 151 адам стационарда, 49-ы амбулаторлық ем алды. Пневмониядан барлығы 239 адам көз жұмды. Қазіргі таңда жасанды тыныс алу аппаратына – 4, оттегі концентраторына – 4, орталықтандырылған оттегі көзіне 35 адам қосылған.

Жұқпалы аурулар ауруханасында 174 адам ем алып жатса, 23 адам карантин стационарында. Жансақтау бөлімінде жатқандар саны өсіп, 19-ға жетті. Облыста 10 зертхана жұмыс істейді. Соңғы тәуліктерде 1 408 сынама алынып, зерттеу жүргізілген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?