БҚО-да 4 жасар бала құдыққа құлап кетіп, мерт болды

Батыс Қазақстан облысында 4 жасар қыз бала құдыққа құлап кетіп, көз жұмды.

Алматы, NEGE. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 23 тамыз күні Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болды. Сағат 10.30-да ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала жеке үйдің ауласындағы ашық тұрған, суы бар құдыққа (тереңдігі 2,5 метр) құлап, батып кеткен. Қыздың денесін жергілікті тұрғындар сағат 10.40-та шығарып алды. Бұл – Жаңақала ауданында биыл орын алған екінші қайғылы оқиға. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі баланың құдыққа құлап, қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты