БҚО: Республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды.

Алматы, NEGE. «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 3 қаңтар күні жергілікті сағат 19.00-де бастап республикалық маңызы бар Атырау-Орал (372-189 км, Чапаев ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Сондай-ақ осы мерзімде республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-247 км, Орал қаласынан Макаров ауылына дейін) жолы да жабылды.

Жабылу себебі - жаяу бұрқасын.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бірнеше республикалық маңызы бар жол жабылғанын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты