БҚО: Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті
Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті.
Алматы, NEGE. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингіде мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының орындалу барысымен таныстырып, өңірдің биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталған Ғ.Есқалиевтің айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға өсті.
Оның сөзіне қарағанда, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің аздаған төмендеуі індеттің салдарынан Ресейге шығарылатын экспорт көлемінің азаюына байланысты болып отыр.
«Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды, соның ішінде жиһаз құрастыратын, трансформатор өндіретін және тері өңдейтін цехтарды іске қосамыз», – деді өңір басшысы.