БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы не үшін ұсталғаны белгілі болды

Батыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен оның сыбайласына қатысты тергеу ісін қолға алды.

Алматы, NEGE. 2020 жылы 12-23 қазан аралығында олар ЖШС директорымен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес, жалпы сомасы 78 000 000 теңгені құрайтын медициналық жабдықтар (мониторлар) жеткізуге байланысты орындалған жұмыстар, тауарлар мен материалдарды қабылдау актілеріне қол қою үшін жалпы сомасы 7 800 000 теңгені құрайтын ақшаны пара түрінде алды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Бас басқарманың бастығы және оның сыбайласы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Орал қаласы Орал полиция бөлімінің уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қазанда кейбір БАҚ БҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы ұсталғаны туралы ақпарат таратты.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті