БҚО әкімі қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін бірінші орынбасарын қызметінен босатты

Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE. Бұған дейін 24 шілдеде Ержан Балтаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жауап алуға шақырылғаны белгілі болған.

Жауап алуға кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаев та шақырылған еді. 

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды