БҚО тұрғыны өзгенің банк картасымен әйеліне гүл сатып алған

БҚО тұрғыны өзгенің банк картасынан сауда жасап, әйеліне гүл алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жоғалған банк картасынан 400 мың теңгеден астам сомаға сауда жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Жәбірленуші әйелдің картасын жоғалтып алғаны және бұл туралы білмегені анықталды. Ол картаны ұзақ уақыт пайдаланбағандықтан, банктің қосымшасын қолданып жүрген және жоғалғаннан кейін бір айдан кейін ақшаның жетіспейтіндігін байқаған.

Сонымен қатар 33 жастағы тұрғын Ақсай қаласында картаны тауып, түрлі сауда жасаған, соның ішінде ол азық-түлік, алкоголь, тіпті әйеліне гүл шоғын да сатып алған.

Полиция күдіктіні анықтап, оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті